376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жол апаты кезінде көлік өртенді

  • 130
  • UPD: 21:06, 29.12.2019
Ақтөбеде жол апаты кезінде көлік өртенді

Ақтөбе-Орынбор бағытында үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 13:00-де ірі жол апаты болды. Ақтөбе - Орынбор бағытындағы трассада Ресейден Тәжікстанға бара жатқан «Лада-Ларгус» көлігінің жүргізушісі көктайғаққа қарамастан жолдың қарсы бетіне шықпақ болған. Соның салдарынан тағы бір «Лада-Ларгус» көлігімен және қарсы бетте келе жатқан «БМВ» маркалы машинасымен соқтығысты. «Лада-Ларгус» жол жиегіне шығып кеткен. Жолаушылар көлік ішінен аман-есен шыққан соң қысқа тұйықталу болып, машина жанып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде Тәжікстан азаматы ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сонымен қатар бір Ресей, үш Тәжікстан азаматы Мәртөк аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін сақтап, абай болуға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы