376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 17 метрлік шырша өртеніп кетті

  • 155
  • UPD: 13:01, 01.01.2020
Маңғыстау облысында 17 метрлік шырша өртеніп кетті

Маңғыстау облысында 17 метр жасанды шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 06:10-да Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының орталығында 17 метр жаңа жылдық жасанды шырша өртенді. Өрт 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала болжамы - электр сымдарының тұйықталуы.

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының бес адамы және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, сағат 00:31-де Алматыдағы Жұмалиев көшесінде орналасқан Grand Asia бизнес орталығында түтін шыққан. Өрт сөндірушілері 1-қабаттан 12-қабатқа дейінгі керамогранит астындағы жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады.

Өрт сағат 02:18-де сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығуының алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Хабар 24 телеарнасы