422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Самара-Шымкент жолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

  • 496
  • UPD: 19:11, 01.01.2020
Самара-Шымкент жолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Самара-Шымкент автожолының  Қызылорда облысы аумағында 2 жол апаты болып, 2 адам қаза тапты. 9 адам ауруханаға жеткізілген.

Жалпы өңірде Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Дегенмен, өткен түні 50-ге жуық құқық бұзу дерегі тіркелді. Оның басым бөлігі алкогольдік ішімдік ішумен байланысты. 7 жүргізуші мас күйінде ұсталды.

Дәулет Беркімбаев, қалалық полиция басқармасының бастығы:

- Желтоқсан айының 25-31 аралығында ІІМ нұсқауы бойынша облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы атқарылды. Іс-шара кезінде 350-дің үстінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Енді мұндай іс-шаралар үлкен мерекелік күндердің алдында, мереке күндерді дұрыс өткізу үшін үздіксіз атқарылып келеді. Соның арқасында Жаңа жыл 31-і күні ешқандай төтенше жағдайсыз өтті, көшеде бұзақылық, көше қылмыстары орын алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы