420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

  • 814
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 қаңтар күні 07 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 510 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы