376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 11-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті

  • 153
  • UPD: 18:44, 02.01.2020
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті inform.kz

Ақтөбеде мектеп оқушысы үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Анатолий Лебедевті іздеп жатыр. Ол Алға ауданы, Қарақұдық ауылындағы үйінен 1 қаңтар күні сағат 04:30-да шығып кеткен.

«Ол 11-сынып оқушысы. Бойы - 170-175 см. Қара шалбар, қою күлгін түсті күрте киген. Іздеу жұмыстарына бірнеше топ жұмылдырылды. Құрамында полиция, ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері бар. Қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы