422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда өрттен үш адам қаза тапты

  • 353
  • UPD: 20:28, 02.01.2020
Петропавлда өрттен үш адам қаза тапты inform.kz

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіндегі үйден өрт шығып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтар күні сағат 17.00-де «101» телефон нөміріне Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Панфилов көшесіндегі 72- үйде қою қара түтін шығып жатқандығы жөнінде хабар түседі.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 8 минутта жетті. Шпалдан салынған баспанадан лапылдап жанған от көрінбегенімен, қатты түтіндеп жатты. Көршілер үй ішінде адамдар болуы мүмкін екенін айтты», - дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылар үй ішінен иіс тиген 28 жастағы үй иесі әйелдің және оның 3 және 1 жастағы екі ұлының денесін алып шықты. Өрттің салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың бастапқы болжамынша, өрттің шығуына электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы