429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда әйел мен екі сәби өлі табылды

  • 419
  • UPD: 09:32, 03.01.2020
Петропавлда әйел мен екі сәби өлі табылды

Петропавлда жаңа жылдың бірінші күнінде жас отбасының мүшелері қаза тапты.

Бұл туралы Тенгри ньюс Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға қала сыртындағы Жұмысшы ауылындағы жеке үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үйдің ішін түтін жайлағанын, алайда өрт болмағанын анықтаған.

«Үйден 1991 жылғы әйелдің және 2016 және 2018 жылы туған балалардың мәйіті табылды. Жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп кеткен. Отбасы түтінге уланған. Өрт аумағы – сегіз шаршы метр», – деді облыстық ТЖД өкілі Е.Журавлев. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Мамандар былтыр қазан айында профилактикалық рейд кезінде бұл отбасымен кездесіп, сақтық шараларын түсіндіргендерін айтты.

Хабар 24 телеарнасы