425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде оқушы із-түзсіз жоғалып кетті

  • 563
  • UPD: 12:50, 03.01.2020
Ақтөбеде оқушы із-түзсіз жоғалып кетті

Ақтөбе облысында 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедевке іздеу жарияланды, деп хабарлады Tengrinews.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қаңтар сағат 04:30 шамасында ол Алға ауданы Қарақұдық ауылындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған.

«Баланы іздеу үшін жақын маңдағы Қобда ауданынан 40 полицей мен кинологтар жұмылдырылды. Осыған дейін полицияның 30 маманы және ТЖД 10 қызметкері бірнеше топқа бөлініп, арнайы екі техникамен іздеу шараларын жүргізді», – деп жазды «Мой Город» басылымы. «Қосымша көмектің келуіне байланысты іздеу аймағы кеңейді, алайда оқушы табылмады», – дейді ПД өкілдері. «Еріктілер де атсалысып жатыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Бәлкім біреумен кеткен болар, я болмаса қалада жүруі мүмкін», – делінген zello.poisk парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы