430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда пәтер өртеніп, екі адам көз жұмды

  • 561
Екібастұзда пәтер өртеніп, екі адам көз жұмды

Екібастұзда өрттен екі адам мерт  болды, өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бірінші қаңтар күні сағат 20:49-да Арқалық көшесі, 21-үйдегі 4-пәтер өртеніп жатыр деген хабарлама түсті. Өрт сөндіру кезінде екі мәйіт табылды. Олар осы мекенжайда тұратын ана мен бала болуы мүмкін. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мекемедегілер өрт тұтанған жерге 3 техника жіберілгенін мәлімдеді. Қызыл жалын сағат 22:51-де толық ауыздықталды. «Әйел адам 82 жаста, ер кісі 1975 жылы дүниеге келген», – деді аймақтық ТЖД.

Департаменттегілер жыл басталғалы бері бұл оқиғадан бөлек, Железин ауданында да өрт салдарынан адамдар көз жұмғанын айтты.

«1 қаңтар күні бірінші қалалық ауруханаға газдан уланып қалған әйел жатқызылды. Улануға пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған», – деп қорытындылады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы