377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда газ таситын көлік жарылып кете жаздады

  • 178
  • UPD: 15:19, 03.01.2020
Алматыда газ таситын көлік жарылып кете жаздады

Алматыда газ тасымалдайтын көлік енді болмағанда жарыла жаздады, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

2 қаңтар күні 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында «бензовоз өртенді» деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанды. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек қарап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ кездейсоқ өтіп бара жатқан автожүргізушілер көмекке келген.

«Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газдың жарылу қауіпі сейілген» делінген хабарламада.

Оқиға барысында газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылардың ақаумен жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Олқылықты аңғарған ол, қозғалысты тоқтатып, көлігінен түскен кезде түтін шыққанын байқайды.

Газ тасымалдайтын көліктің қозғалтқыш бөлігі қысқа тұйықталып, 0,5 шаршы метрде өрт шыққан.

Хабар 24 телеарнасы