380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараз маңында көлік тіркемесі өртеніп жатыр

  • 355
  • UPD: 19:05, 03.01.2020

Жамбыл облысында жүк көлігінің тіркемесі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралінің бойында болды. Жүк көлігі Алматыдан Шымкентке бара жатқан. Көлік Аса ауылының маңынан өте бергенде, тіркемесінен от шыққан. Жалынды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы мамандар өрт себебін анықтау үшін оқиға орнына шықты.

Хабар 24 телеарнасы