378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 13 жасағы бала батуттан құлап, жарақат алды

  • 143
  • UPD: 12:19, 04.01.2020
Алматыда 13 жасағы бала батуттан құлап, жарақат алды inform.kz

Алматыдағы Көк-Төбеде батуттан құлаған бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицияның айтуынша, 13 жастағы бала өзінің абайсыздығынан қарапайым батуттан құлап қалған, ата-анасының парк әкімшілігіне ешқандай наразылығы жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы