376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көліктің жылқымен соқтығысуынан үш адам жараланды

  • 138
  • UPD: 15:47, 04.01.2020
БҚО-да көліктің жылқымен соқтығысуынан үш адам жараланды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысып, үш адам жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 19:50 шамасында Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған.

1958 жылғы ер адам айдаған Мицубиси автокөлігі үш жылқыға соқтығысқан. Соның салдарынан 1957 жылғы екі ер және 1960 жылғы әйел адам түрлі жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының нақтылауынша, ауруханаға жарақат алғандар басқа көлікпен өздері жеткен. Бұғанасы сынған 1957 және 1960 жылғы әйел амбулаторлық ем алуға жіберілді. Кеуде тұсына зақым келген 1957 жылғы тағы бір әйел дәрігердің бақылауына қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұл өңірдегі биылғы бірінші оқиға емес. Бұдан бұрын автокөліктің жылқымен соқтығысып, екі адамның ауруханаға жеткізілген еді.

Хабар 24 телеарнасы