412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда көп қабатты үйдегі өрттен 35 адам эвакуацияланды

  • 556
  • UPD: 16:20, 04.01.2020
Атырауда көп қабатты үйдегі өрттен 35 адам эвакуацияланды

Атырауда көп қабатты үйдегі пәтер өртеніп, оқиға орнынан 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.

4 қаңтар күні сағат 10:43-те құтқару қызметіне Датұлы көшесіндегі бес қабатты үй жанып жатыр деген хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынның 5-қабаттағы пәтерде тұтанғанын көрген. Ең алдымен осы үйде тұратын 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде сегізі бала. Сонымен бірге бесінші қабаттағы 1981 жылы туған ер адам автосаты арқылы құтқарылды. Қолданылған шаралар арқасында 5 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 11:03-те сөндірілді» делінген хабарламада.

Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы