411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жол жиегінде сауда жасап тұрған 2 әйелге көлік соқты

  • 309
  • UPD: 23:24, 04.01.2020
Ақмола облысында жол жиегінде сауда жасап тұрған 2 әйелге көлік соқты

Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолында көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, «Toyota Camry» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі қатар жүріп келе жатқан автокөлікпен соқтығысуды болдырмау мақсатында жолдан шығып кеткен.

Осының салдарынан автокөлік жолдың арнайы демалыс алаңында тұрған жеміс-жидек өнімдерін сататын сөреге соғылған.

«Жол апатынан жеміс-жидек өнімдерін сатып тұрған 35 және 40 жастағы екі әйел зардап шекті. Апатқа ұшыраған көлікте жүргізушімен бірге 20 және 25 жас аралығындағы екі бойжеткен болды. Қазіргі кезде оқиға орнында Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел тергеу тобы мен «Тұлпар-9» жол-патруль қызметкерлері жұмыс істеуде» делінді ведомство хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы