430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дәмхана өртенді

  • 449
Петропавлда дәмхана өртенді

Петропавлда «Лана» дәмханасы өртеніп, өрт сөндірушілер 1,5 сағат бойы жалынмен арпалысты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабар таңғы сағат 05.27-де түскен. Мамандар оқиға орнына жеткенде ғимарат отқа оранып үлгерген. Тілсіз жау сағат 07.04-те толық ауыздықталды. Ғимараттың 120 шаршы метріне айтарлықтай зақым келіп, шатыры, төбесі мен қабырғалары бүлінді. Қазіргі уақытта келген шығын мөлшері мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы