376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жол апатынан алты адам зардап шекті

  • 147
  • UPD: 11:03, 05.01.2020
Қостанай облысында жол апатынан алты адам зардап шекті

4 қаңтар күні таңғы сағат 5:30 шамасында Қарабұтақ – Қостанай автомобиль жолының 84 шақырымында екі көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Nissan Teana көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарама-қарсы жолға шығып кетіп, Porsche Cayenne көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Nissan Teana көлігіндегі 2 адам мен Porsche Cayenne көлігінің 4 жолаушысы ауруханаға түсті. Таран аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Хабар 24 телеарнасы