378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

  • 154
  • UPD: 11:08, 05.01.2020
Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

Өскеменде автобус өртенді, деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген. «Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. «Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп түсіндірді ТЖ басқармасынан.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы