422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райы салдарынан төрт адам табылмай жатыр

  • 975
  • UPD: 21:28, 05.01.2020
Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райы салдарынан төрт адам табылмай жатыр

Ауа райының қолайсыздығы ақтөбелік құтқару қызметінің мамандарына да оңайға соқпады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше бағыттағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ескерту берілсе де, Самара – Шымкент және Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық жолдары бақылауда болды. Ал, Ресейден Тәжікстанға бағыт алған 20 жолаушыға дер кезінде көмек көрсетілген. Олар мінген шағын автобус бұзылып қалып, облыс орталығына әрең жетіпті. Дегенмен, жайсыз оқиға да тіркелді. Өңір бойынша төрт адамның жоғалғаны туралы төтенше жағдай қызметіне хабар жеткен. Осыдан кейін онға жуық топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нұрлыбек Айжарықов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Бір факт Алға ауданында Қарақұдық ауылының тұрғыны, бір факт Мұғалжар ауданында, бір дерек Хромтау ауданында және Мәртөк ауданында тіркелді. Аталған азаматтар дер кезінде табылды. Тек Алға ауданында 2002 жылы туылған азаматты іздестіру барысында мәйіті табылды. Қазіргі таңда себебі анықталған үсіп қалған.

Хабар 24 телеарнасы