376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылда газ құю станциясы аумағында өрт болды

  • 142
  • UPD: 23:16, 05.01.2020
Жамбылда газ құю станциясы аумағында өрт болды inform.kz

Мерке ауданындағы «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген» - делінген комитет хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы