380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайық өзенінен мұзды ойыққа түсіп кеткен баланың денесі табылды

  • 197
  • UPD: 10:40, 07.01.2020
Жайық өзенінен мұзды ойыққа түсіп кеткен баланың денесі табылды

Жайық өзенінен 15 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұз үстімен жүрмек болған төрт жеткіншек жарылған ойыққа батып кеткен еді. Жедел жеткен полицейлер мен құтқарушылар 12 және 15 жас аралығындағы үш жасөспірімді ажалдан алып қалды. Соңғысын іздеу шаралары бір күнге созылды. Өкінішке қарай кәмелетке толмаған ауыл тұрғынының мәйіті кешкі уақытта мұз астынан табылды. Ал құтқарылған балалардың біреуі үйіне жіберіліп, екеуі дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қайрат Темірболат, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Сағат 17:35-те Жайықтың жағалауында сол батқан жерінен табылды. Құтқарушылардан тоғыз адам жұмылдырылды. Бір арнайы дайындықтан өткен ит пен кинолог мамандармен іздестіру жұмыстары кеше 5 қаңтар күні жүргізіліп, кешкі сағат 18.00-де тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы