429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 200-ден астам жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді

  • 577
  • UPD: 11:33, 07.01.2020
Ақмола облысында 200-ден астам жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді

Ақмола облысында екі жүзден астам кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшелеріне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасының бір аптадағы қорытындысы. Түнгі уақытта көшеде және көңіл көтеру орындарында жүрген, ішімдік ішкен, тағы басқа да заңбұзушылықтарға барған балалардың ата-анасы жауапқа тартылды. Полицейлер перзентін бақылаусыз қалдырған онға тарта жанұяны есепке алған.

Рүстем Шаймұратов, қалалық ювеналды полиция инспекторы:

- Іс-шара барысында Көкшетау қаласының өзінде тоғыз жасөспірім мен бала тәрбиесіне бей-жай қараған он шақты отбасы арнайы есепке алынды. Жалпы облыс бойынша кәмелетке толмағандар жүреді деген 900-ден астам орын тексерілді. «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы балалардың қысқы демалысы біткенше жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы