375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Риддерде тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды

  • 102
  • UPD: 15:13, 07.01.2020
Риддерде тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды

Риддер қаласында опырылған тау жынысында қалып қойған жұмысшы екі күннен соң құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қаңтар күні сағат 03.00 шамасында құтқару тобының бірлескен қимыл-әрекетінің нәтижесінде кенші шахтадан аман-есен шығарылды. Оның денсаулық жағдайы қалыпты. Толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жіберілді», – деп хабарланды «Казцинк» ЖШС-нің Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні «Казцинк» ЖШС-ға қарасты Риддер тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішіндегі учаскелердің бірінде тау жынысы опырылып, шахтадағы 1 жұмысшы сыртқа шыға алмай қалған. Лезде құтқару штабы құрылып, сол жерге арнайы мамандар мен техникалар тартылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы