375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 3 адам газдан уланып, қайтыс болды

  • 142
  • UPD: 21:39, 07.01.2020
Алматыда 3 адам газдан уланып, қайтыс болды

Алматыда жылытқыш құрылғыны газ құбырына мамандардың көмегінсіз өз еркімен қоспақ болған үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментіне Түрксіб ауданының Дегдар көшесінде медицина мамандары жеткенше 1950, 1960, және 1997 жылы туған үш адамның мерт болғандығы туралы хабар келіп түскен.

«Тексеру жұмыстарының барысында мамандар газ құбыры мен күмәнді жылытқыш құрылғыны бір-біріне қолдан жалғамақ болғаны анықталды. Бұл ретте оларда газ пешінің түтін шығатын құбырын бекіткіш те болмаған. Сөйтіп, құбыр қажетті жеріне дұрыс бекітілмеген. Ал газ шығуы тиіс саңылаулардың барлығы шүберекпен бекітіліп тасталған. Түтін шығатын құбыр да дұрыс орнатылмаған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы