376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


GPS-мойындық тағылған құланды браконьерлер атып кетті

  • 167
  • UPD: 23:39, 07.01.2020
GPS-мойындық тағылған құланды браконьерлер атып кетті ACBK, Gani Sadvakasov

2018 жылы далаға жіберілген құландардың бірінің өлімтігі Қостанай облысындағы «Тасты» шаруашылығынан табылды. Оны браконьерлер атып кеткен. Бұл туралы Қазақстандық биоалуандылықты сақтау қауымдастығы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жануардың бөліктерін Қазақстандық биоалуандылықты сақтау қауымдастығының өкілдері тапты. Олар құланның мойнына тағылған GPS-хабар беретін құрылғының ешқандай белгі бермегенінен күдіктенген. Осыған байланысты олар құрылғыны іздемек болып, 26 желтоқсан күні сапарға шыққан. Жануар өлтірілген жерді қарағанда құланның басы мен өте ұқыптылықпен кесілген GPS құрылғысының бауы табылған. Сол жерден көлік ізі де табылды. Құланның бұл аналығын соңғы рет 14 желтоқсан күні көрген. Құланның өлтірілгені туралы хабар Қостанай облысы Арқалық қалалық пролиция басқармасына жіберілді. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша «қызыл кітаптағы жануарға» браконьерлік шабуыл жасады деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Осы және тағы 8 құланды 2018 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, сондай-ақ Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарлама аясында далаға жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы