427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тұрғын үйде жарылыс болды

  • 712
  • UPD: 15:50, 08.01.2020
Алматы облысында тұрғын үйде жарылыс болды

Алматы облысының Қаскелең қаласында көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан 11 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Төле би көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің ең үстіңгі қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, жапсарлас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген.

«7 адам, соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 2009 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған үйдің тұрғындарын өртке қарсы қызмет қауіпсіз жерге көшіріп, Қаскелең әкімдігі уақытша тұру орнын ұйымдастырды. Жарылыс себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы