429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде сырғанақ тепкен бала көлік астына түсіп, мерт болды

  • 591
  • UPD: 16:30, 08.01.2020
Ақтөбеде сырғанақ тепкен бала көлік астына түсіп, мерт болды

Сырғанаққа барған бала жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе облысының Темір ауданында жол-көлік оқиғасы болды. 2014 жылы туған бала шамамен сағат 11:00-де үйінің жанында төбеден төмен қарай сырғанап жүрген. Ол аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан «КамАЗ» автокөлігінің, яғни, ассенизатордың доңғалағының астына түсіп кетті», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы