377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл жылу электр орталығының қызметкері қатты күйіп қалды

  • 168
  • UPD: 23:10, 08.01.2020

Петропавлдағы жылу электр орталығында машинист ыстық күлдің буына күйіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше кешкісін болған. Алдын ала болжам бойынша күл шығаратын шнек істен шығып, машинист оны қалыпқа келтірмек болған. Қазір зардап шеккен азамат қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 80%-ін күйік шалған.

Мейрам Оспанов, №3 қалалық аурухананың жарақат аурулар бөлімшесінің дәрігері:

Шокқа қарсы ем жасалып жатыр. Жағдайы қиындау. Қалай болатыны әлі белгісіз. Шоктан шыққан соң соның бәрін анықтаймыз. Интенсивті терапия жасалып жатыр, қазір реанимацияда. Есін біледі. Бірақ дәрі-дәрмек беріп, кішкене әдейі ұйықтатып қойғанбыз. Ана ауырғаны бәрі денесіне батпасын деп.

Вадим Ягодин, «Севказэнерго» АҚ Петропавл-2 ЖЭО бас инженерінің міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды. Әзірге нақты оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Қазір науқасқа қажетті медициналық дәрілерді сатып алып беріп жатырмыз. Алдағы уақытта да қандай да бір көмек қажет болса, біз қол созуға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы