377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық құтқарушылар тауда жарақат алған адамды таба алмай жатыр

  • 132
  • UPD: 22:04, 08.01.2020
Алматылық құтқарушылар тауда жарақат алған адамды таба алмай жатыр

Алматылық құтқарушылар Көкжайлау шатқалында жоғалған адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше түстен кейінгі сағат 16:00-те қалалық құтқару қызметіне «белгісіз бір адам жарақат алып, таудан түсе алмай отыр», деген хабар түскен. Көкжайлауға жете бере құтқарушылар қоңырау соққан туристерді кезіктіреді. Олар зардап шеккен адамның қай жерде отырғанын айтқан. Сол ақпар бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ қалың тұман кедергі болып тұр. Бүгінгі іздеу шаралары да ешқандай нәтиже бермеген.

Бауыржан Исабаев, Алматы қаласы құтқару қызметі баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бүгін аталған маршрут бойынша таңертеңнен құтқарушылар жіберілді. Бірақ іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермеді. Зардап шегуші туралы ақпараты бар барлық азаматтарды немесе зардап шегушінің өзін егер өз бетімен таудан түскен болса, Алматы қаласы құтқару қызметінің телефондарына хабарласуын сұраймыз. Зардап шегуші табылмайынша, іздестіру жұмыстары жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы