377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан маңында мас күйдегі жүргізуші жол апатын жасады

  • 121
  • UPD: 11:17, 09.01.2020

Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы трассада Toyota маркалы жүрдек машина Honda CR-V көлігімен түйісіп қалды. Куәгерлер Land Cruiser-ді тізгіндеген 37 жастағы ер адамның мас күйде болғанын айтуда. Бұл ақпардың растығын медициналық сараптама қорытындысынан соң полиция департаментінің өкілдері де мәлімдеді. Мас жүргізуші көлікпен соққан машинадағы үш адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. 

Петропавлдағы жылу электр орталығында бір жұмысшы буға күйіп қалды. 1977 жылғы жігіт ол жерде машинист қызметін атқарады. Алдын ала болжам бойынша ол күл шығаратын шнект құрылғысын жөндемек болған. Қазір қалалық №3 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың денесінің 80 процентін күйік шалған. Жылу орталығында болған жағдайдың себебін арнайы комиссия тексеруге кірісті. 

Алматы облысының Қаскелең қаласында пәтерде болған газ жарылысынан 11 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханада жатыр. Оның үшеуі бала. Жарылыс түскі мезгілде тұрғын үйдің бесінші қабатында болған. Қираған баспанаға қабырғалас тағы бірнеше пәтер бүлінді. Қала әкімдігі үй тұрғындарын көшіріп, олардың уақытша тұруына орын бөлді. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

Мейрам Оспанов, №33 қалалық аурухананың жарақат аурулар бөлімшесінің дәрігері: 

- Шокқа қарсы ем жасалып жатыр. Жағдайы қиындау. Қалай болатыны әлі белгісіз. Шоктан шыққан соң, соның бәрін анықтаймыз. Интенсивті терапия жасалып жатыр қазір, реанимацияда. Есін біледі. Бірақ дәрі-дәрмек беріп кішкене әдейі ұйықтатып қойғанбыз. Ана ауырғаны бәрі денесіне батпасын деп. 

Талдықорғанда 24 жастағы қала тұрғыны іші бос ғимараттың 16-қабатынан секірмек болды. Оқиға орнына шақыртумен жеткен полицейлер мас күйдегі ер адаммен біршама уақыт сөйлескен. Шатыр үстіндегі әңгімеге әлгі жігіттің жақындары да қатысыпты. Нәтижесінде ер адам райынан қайтып жанұясына оралды. 

Ақтауда екі автокөлік соқтығысып, бес адам дене жарақатын алды. Бірі тоғыз жастағы бала. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр. Бас сүйегіне зақым келген тағы екі жолаушы дәрігерлердің бақылауында. Қалған адамдар үйіне жіберілген. Жол апаты 30-шағын аудандағы 168-үйдің жанында болды. «Екі жүздік» Land Cruiser «Киа» маркалы көлікті түйіп өтіп, тротуар үстіне аударылып қалады. Оқиға куәгерлері жараланған адамдарды шығарып, жедел-жәрдем шақырған. Жапондық жүрдек машина айыптұраққа жабылып, иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Елорда әуежайының жолында №12 бағытымен жүретін жолаушылар автобусы отқа оранды. Зардап шеккендер жоқ. Мына бейнекадрдан бірнеше адамның көлік жүргізушісіне көмектесіп, өртті сөндіруге әрекет еткені көрініп тұр. Алайда жалын екі арнайы техника келген соң өшірілген. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы