419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 3 жасар бала желшешектен көз жұмды

  • 617
  • UPD: 11:48, 09.01.2020
Алматы облысында 3 жасар бала желшешектен көз жұмды

Алматы облысында үш жасар бала желшешектен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың желтоқсан айының басында ұл бала желшешекпен ауырып қалған. Көп өтпей баланың денсаулығы нашарлай бастаған. Кейін баланың желшешек энцефалиті өршіп кеткені анықталған.

«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен желшешектен көз жұмған баланың жағдайына қатысты тәуелсіз сарапшылар шақырылып, жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желшешек диагнозы қойылған кезде балаға көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығы тексеріледі», – деп жазды ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында.

Вице-министр Ләззат Ақтаева айтылмыш жағдайды назарға алатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы