376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ер адам тұрғындарға пышақ ала жүгірген

  • 138
  • UPD: 10:08, 10.01.2020
Алматыда ер адам тұрғындарға пышақ ала жүгірген Яндекс

Алматыда психиатриялық диспансерде есепте тұрған ер адам дүкеннің сатушысы мен өтіп бара жатқан адамға пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағынауданында орналасқан базарда орын алған. Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жас мөлшері 25-30 жастағы ер адамның кетіп бара жатқан және дүкен сатушысына пышақ ала ұмтылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде күдікті ретінде ер адам ұсталды. Ол 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде параноидтық шизофрения диагнозымен есепте тұрған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізді», – деп хабарлады полицияда.

Аталған факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы