430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда ата-анасына ренжіген 15 жастағы қыз үйінен кетіп қалған

  • 636
  • UPD: 00:02, 11.01.2020
Оралда ата-анасына ренжіген 15 жастағы қыз үйінен кетіп қалған

Оралда 15 жастағы мектеп оқушысы үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, оқушы қыз үйінен кеше кешкісін шамамен сағат 21:00-де кеткен.

Анасы қызының жоғалып кеткені жөнінде сағат 22:26-да полицияға хабар берген. Полиция қызметкерлері қызды түнімен іздестірді, тек таң ата оның қайда екенін анықтады. Үй ішімен керіскен оқушының хат жазып, үйінен кетіп қалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта қызбен және оның ата-анасымен ювеналды полиция инспекторлары түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, 2019 жылы полиция органдарына жоғалғандар жөнінде 632 шағым түсіп, соның ішінде 579 адам көп ұзамай табылған.

Хабар 24 телеарнасы