410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда КамАЗ мейрамхана ғимаратына соғылды

  • 311
  • UPD: 17:50, 11.01.2020
Қостанайда КамАЗ мейрамхана ғимаратына соғылды alau.kz

Қостанайда 10 қаңтарда 23:23-те жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап.

Баймағамбетов – Тәуелсіздік қиылысында 53 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ маркалы жүк көлігі ВАЗ 2114 маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соңғысының тізгінінде 20 жастағы жігіт болған.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алды. Көліктер соқтығысқаннан кейін КамАЗ «Медео» мейрамханасының ғимаратына соғылды. Осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы