380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ыстық суға күйіп қалған бала жансақтау бөлімінде ем алуда

  • 154
  • UPD: 15:06, 13.01.2020
Қарағанды облысында ыстық суға күйіп қалған бала жансақтау бөлімінде ем алуда

Қарағанды облысында ыстық суға күйген 2 жасар балаға тері ауыстыру операциясы қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, жаралар терең, күйік аумағы 60%-ті құрайды. Қазіргі таңда кішкентай бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде ем алуда.

Еске сала кетсек, бала үстіне ыстық суға толып тұрған термопотты байқаусызда аударып алған. Ол Қарқаралы ауданынан реанимобильмен тез арада облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер кішкентай науқасты күйік есеңгіреуінен алып шықты. Қазіргі таңда ақ халаттылар токсемиямен күресуде. Күйіктің ауқымдылығынан қандағы токсиндер организмді уландыруда. Мамандардың айтуынша, баланы емдеу уақыты бірнеше айды құрамақ.

Жанат Елубаев, облыстық балалар клиникалық аурухана директорының орынбасары:

- Бала ыстық суға күйген жағдайда ең алдымен суық немесе салқын суды кұйып, үстіндегі киімдерін шешу қажет. Күйген теріге арналған пенаны зақымданған жерлерге жағу қажет. Бұндай препараттар кез келген дәріханаларда сатылады. Тіс пастасымен, қантпен немесе кір сабынмен жарақатты емдеуге қатаң тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы