376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетон қаптамасы адамның үстіне құлап кетті

  • 310
  • UPD: 17:30, 13.01.2020
Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетон қаптамасы адамның үстіне құлап кетті

Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетонды қаптамасы ер адамның үстіне құлап кетті. Ер адамның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқас шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына ауыр халде (бас-миының жабық жарақаты, бірнеше қабырғасының сынуы, гематороксы бар қос өкпесінің соққы алуы, плевропульмоналды шок, бел омыртқасының жарақаты, жамбасының жарықшақты сынығы, травмалық шок) жеткізілді. Дәрігерлер жансақтау бөлімі жағдайында диагностикалық және емдік шаралардың толық көлемін жүргізді», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, екінші тәуліктен соң науқастың омыртқасына операция жасалып, титан қойылды.

«Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Оңалту шаралары жасалып жатыр. Науқас барлық медициналық көмекті қажетті көлемде алды», - деді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы