377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам зардап шекті

  • 96
  • UPD: 13:19, 14.01.2020
Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан  үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Тengrinews.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні Алматы – Бішкек тасжолында болған. Yutong автобусы мен Toyota Harrier соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің біреуі тайғақтан рөлді игере алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жол апаты саалдарынан Жамбыл аудандық ауруханасына үш адам жеткізілген. Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды. Полиция өкілдері, аймақта бірнеше күн бойы үсік жүріп, қар жауып жатқаны, ал кейбір аймақтарда көктайғақ болып тұрғанын айтады.

«Автокөлік құралдарының жүргізушілерін жолда мұқият болуға, талап етілетін жылдамдық режимін ұстануға және жалпы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деді облыстық полиция мамандары.

Хабар 24 телеарнасы