377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы тепловоз астына түскен адам ешбір кәсіпорынмен еңбек қатынасында тұрмаған

  • 136
  • UPD: 22:29, 14.01.2020
Павлодардағы тепловоз астына түскен адам ешбір кәсіпорынмен еңбек қатынасында тұрмаған

Ертіс өңірінде тепловоздың астына түсіп, жан тапсырған ер азамат өлімінің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мүрдесін оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шығарды. Қайғылы хабар туралы ақпарат куәгерлерден түсіпті. Төтенше жағдай Екінші Павлодар шағын ауданының аумағына жақын орналасқан теміржолдарда болған. Бұл аумақтың өңірдегі вагон жөндеу кәсіпорындарының біріне тиесілі екені анықталды. Жедел жәрдем қызметі мамандарының хабарлауынша, азамат дәрігерлер келгенше дейін жан тапсырды. Дегенмен, өлімнің нақты себебі белгісіз, мүрдеде тепловоздан болған жарақаттар жоқ. Сондықтан сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған жағдайға қатысты облыстық еңбек басқармасының мамандары да тексеріс жүргізді. Инспекторлардың айтуынша, қайтыс болған азамат ешбір кәсіпорынмен еңбек қатынасында тұрмаған.

Мақпал Қаржаубай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің бригадасы жеті минут арасында келіп жетті. Оқиға орнында құтқарушы қызметшілер жұмыс атқарды. Жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлім фактісін тіркеді. Ер адам шамамен 40 жаста, бет-әлпеті еуропалық.

Хабар 24 телеарнасы