377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мас адам такси жүргізушісіне пышақ сұғып алды

  • 164
  • UPD: 13:25, 15.01.2020
Алматыда мас адам такси жүргізушісіне пышақ сұғып алды

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне екі рет пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға 12 қаңтарда болған.

Зардап шеккен таксист - 33 жастағы азамат Шұғыла ықшам ауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласы бар отбасын апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші балалардың бірі салонға құсқанын байқап, оны жуу үшін қосымша ақы сұраған.

«Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шығады. Мас ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 5-7 минуттан соң әлгі азамат қайта оралып, такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Сол қолының шынтағы мен ішіне сұғып алған», - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Дәл сол күні осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Аталған факті бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы