380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы ауыл тұрғынынан тапанша табылды: маркасы белгісіз

  • 115
  • UPD: 13:55, 15.01.2020
Павлодар облысындағы ауыл тұрғынынан тапанша табылды: маркасы белгісіз

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан белгісіз маркалы тапанша табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері Шарбақты ауданында рейд барысында 42 жастағы Шарбақты ауылының тұрғынынан белгісіз маркалы тапанша тапты. Қазіргі таңда қару сараптамаға берілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Полицейлер ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқдәрiні, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «13 күнде заңсыз айналымнан бес қару тәркіленді. 2019 жылы барлығы 88 атыс қаруы алынған еді», - деді департаменттен. Полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін заңсыз қару алып жүру және сақтау фактілерін анықтау бойынша үнемі рейд өткізіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы