376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде өрттен 70 жастағы зейнеткер қаза тапты

  • 159
  • UPD: 14:06, 15.01.2020
Семейде өрттен 70 жастағы зейнеткер қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында көп пәтерлі тұрғын үйде болған өрттен 70 жастағы әйел мерт болды, деп хабарлайды Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.

ТЖ басқармасы Өзеркі ауылында өрт болғанын хабарлады. Елді мекендегі жеке тұрғын үйдің пәтерлерінің бірі өртенген. Ағаш еден, жиһаз, жеке заттар, төсек орындары мен есігі, 7 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрт сөндірушілер пәтерден 70 жастағы үй иесінің мәйітін тапқан. Марқұмның жалғыз тұратыны және жүре алмайтыны белгілі болды. Оған көршісі қамқорлық жасаған. Күтушісі түскі 12-де пәтердегі пешке от жағып, үйіне кеткен. Көрші әйел 15:00-де түтіннің иісін сезген. Бірақ мән бермеген. Сағат 16:00-де көршісі пәтердің өртеніп жатқанын көрген.

«Мерт болған әйелдің үнемі темекі тартатыны анықталды. Өрт себебінің екі нұсқасы бар - темекі шегу кезіндегі абайсыздық және жылыту пешін орнатып, пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», - деп атап өтті ТЖ басқармасы.

Хабар 24 телеарнасы