376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда кран құлап ер адам қаза тапты

  • 112
  • UPD: 15:02, 15.01.2020
Ақтауда кран құлап ер адам қаза тапты

Ақтауда құрылыс краны құлап зардап шеккен ер адам ауруханада қаза тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz. 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

1996 жылғы науқастың бірнеше жері сынған, басынан соққы алған және миына зақым келген. 

«Ол жансақтау бөліміне жатқызылып, комаға түсті, алайда ол облыстық ауруханаға түскеннен кейін сегіз сағаттан соң қайтыс болды», - деді дәрігерлер. 

Айта кетейік, оқиға 14 қаңтарда 15:55-те «Бәйтерек» сауда орталығына қарама-қарсы аумақта 19-ықшам ауданындағы құрылыс алаңында болған. 

Хабар 24 телеарнасы