376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда кранмен бірге құлап кеткен жігіт ауруханада көз жұмды  

  • 123
  • UPD: 20:08, 15.01.2020
Ақтауда кранмен бірге құлап кеткен жігіт ауруханада көз жұмды  

Ақтауда биіктіктен құлаған 23 жастағы жігіт орталық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миы шайқалып, ауыр дене жарақатын алған науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер сегіз сағат күресті. Алайда жасанды комаға енгізілген ер адам есін жимастан көз жұмды. Есіңізге сала кетейік, 14 қаңтар күні «Батыс» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстары кезінде бір жұмысшы кранмен бірге құлап кеткен еді. Жедел жәрдем көлігі оны бес минутта ауруханының қабылдау бөліміне жеткізген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– «103» қызметінің кезекші бөліміне қоңырау шалынды. Яғни 19-шағын аудандағы құрылыс нысандарының бірінде қайғылы оқиға орын алды. Бір жігіт краннан құлап кеткен. Дәрігерлер барынша көмек көрсетті. Алдын ала диагноз қойылды. Оның миы шайқалған, бірнеше жерден сүйегі сынған. Комада түскеннен көзін ашпады.

Хабар 24 телеарнасы