375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жол апатынан 4 қырғызстандық көз жұмды

  • 148
  • UPD: 14:52, 16.01.2020
Ақтөбеде жол апатынан 4 қырғызстандық көз жұмды zanmedia.kz

Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, Қырғызстанның 4 азаматы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін сағат 01:30-да Самара-Шымкент тас жолының 1170 шақырымында, яғни Ырғыз ауылы маңында болды.

«Лада-21070» автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Ырғыз ауданына қарай бара жатқан. Ауа райы қолайсыздығын ескермеген жүргізуші жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа шығып кетіп, «Шевролет-Круз» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-21070» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Бәрі Қырғызстан азаматы. Қазір бір жолаушы Ырғыз ауданының орталық ауруханасында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы