376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда көп қабатты үйден шыққан өрттен 20 адам эвакуацияланды

  • 123
  • UPD: 15:55, 17.01.2020
Павлодарда көп қабатты үйден шыққан өрттен 20 адам эвакуацияланды

Павлодарда құтқарушылар өрт шыққан пәтерден 1966 жылы туған ер адамды алып шықты, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 16 қаңтар күні сағат 14:44-те №3 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Ткачев көшесінде орналасқан 11-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

10 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

Барлау барысында пәтерде жалпы ауданы 5 шаршы метр жерде үй заттарының жанып жатқаны анықталды.

Газ түтіннен қорғау қызметкерлері пәтерден 1966 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Департаменттің хабарлауынша, өрт сағат 15:19-да сөндірілді.

Көпқабатты үйден 20 адам шығарылды. Оның үшеуі – бала.

Хабар 24 телеарнасы