421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды

  • 545
  • UPD: 14:20, 18.01.2020
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілініп, қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық прокуратурамен бірлесіп, осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын да әшкереледі.

Олар былтыр «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ аудан әкімі орынбасарының мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны банктік шотқа аудару арқылы алу фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы