379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 152
  • UPD: 20:05, 19.01.2020
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойындағы Пугачев ауылы маңында 19 қаңтар күні болды.

«ВАЗ-2109» және «Лада Ларгус» автокөліктері түйіскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына қос бірдей жедел жәрдем бригадасы жетті. Пугачев ауылынан да медицина қызметкері шықты. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса 2001 және 2004 жылғы қыздар, 1996 жылғы жігіт пен 1988 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы