375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

  • 116
  • UPD: 16:11, 20.01.2020
Маңғыстауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Кеше Маңғыстау облысы Таушық кенті маңындағы жол апатынан екі адам қаза тапты.

Көктайғақтан Hyundai автобусы мен Hyundai Starex жеңіл көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан алты адам зардап шекті, олардың екеуі ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады inaktau.kz.

«Алты адам облыстық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Екі адам ауруханада қайтыс болды. Қайтыс болғандар – 1951 жылғы ер адам және әйел адам. Олардың екеуі де басынан ауыр жарақат алған. Сонымен қатар екі науқас ауыр жарақатпен хирургия бөлімінде жатыр. Ал тағы екі науқас тексеруден кейін үйіне жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы