377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 1,5 жасар бөбекті ұрған бала күтушінің қатігездігі камераға түсіп қалды

  • 139
  • UPD: 08:32, 21.01.2020

Алматыда бір жарым жасар бүлдіршінді ұрған бала күтушінің дөрекі қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алматылық Жомарт Исабаев кенже ұлы Даниялдың әбден шошып қалғанын айтады. Жұмсақ тіндері жарақаттанып, басы іскен. Ерлі-зайыптылар бұл бала бағушыны былтыр жетінші қазанда жұмысқа алыпты. Оның қатігездігін әуелі көршілері байқаған. Олар кішкентай Даниялдың әсіресе түске дейін қатты жылайтынын айтқан. Себебі түсте үлкен ұлдары сабақтан келеді екен. Күдіктенген әкесі үйге бейнебақылау камерасын орнатқан. Күтушінің қол жұмсайтынына әбден көз жеткізген соң сотқа арызданады. Әзірге Әкімшілік сот істі қосымша тергеу үшін кері қайтарыпты.

Жомарт Исабаев, жәбірленуші:

- Басында мұндай агрессиясын байқамағанбыз, жестокосьтарын көрмегенбіз. Бала уже психический расстройство болды, нервный расстройство болды. Баламен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы