376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында екі автокөлік отқа оранды

  • 125
  • UPD: 11:55, 21.01.2020
Павлодар облысында екі автокөлік отқа оранды

Кеше Павлодарда екі автокөлік өртенді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«Тереңкөл ауылында сағат 22:30-да Тәуелсіздік көшесі бойында кірпіштен қаланған көлікжайда тұрған Audi 100 автокөлігі толығымен жанып кетті. Жалын көлікжайдың ағаш төбесі мен 20 шаршы метр аумақта үй заттарын шарпыған. Тілсіз жауды 2 техника мен 6 қызметкер 15 минуттың ішінде сөндірді. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ сағат 00:52-де Тереңкөл ауданында Луговое ауылында № 8 өрт сөндіру бекетінен 9 шақырым қашықтықта орналасқан екі бөлмелі қамыс үйдің төбесі мен қабырғалары, терезе жақтаулары мен еден, жиһаз жанған. Сағат 03:40-та 2 техника мен 7 қызметкердің көмегімен сөндірілді.

«Ал Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесі, 4 мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында 2010 жылғы ВАЗ 2314 автокөлігінен өрт шықты. Салонның басқару панелінде 0,5 шаршы метр аумақта резеңке техникалық бұйымдар тұтанды. Оқыс жағдайдың орын алуына қысқа тұйықталу себеп болған. Оқиға орнында 1 техника мен 5 адам, 102 қызметі жұмыс істеді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы